Ақтөбе: Облыстың жаңа Бас имамы қала имамдарына жиын өткізді
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында облыстың жаңа Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен қала имамдарына жиналыс өтті.
Басқосу барысында Амантай Әбілдаұлы Ақтөбе қаласының дін қызметкерлерімен жіті танысты.
Сонымен қатар ҚМДБ бекіткен 5 бағыт яғни «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Одан өзге Діни басқармадан, өкілдіктен келген барлық қызметке аса мұқияттылықпен, уақытылы орындау талап етілді.
Айта кетсек, жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша Бас имамы болып Амантай Садиев тағайындалды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі