Ақтөбе: Үстел теннисінен жарыс өтті
Ақтөбе қаласы ішкі саясат басқармасы, «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» және Ақтөбе орталық қалалық мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе қаласының мешіттерінің арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Шараның мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Мекемелер мен ұйымдардың ұжымдарында сауықтыру және спорт жұмыстарын жақсарту. Жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыру.
Отызға жуық үміткерлер қатысқан додада Ақтөбе қалалық «Әл-Ләтиф» мешітінің атынан шыққан Әділет Бірімғалиев топ жарып, І орын иеленді. Ал Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің намысын қорғаған Ғаламат Таңатұлы ІІ орынды, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағаты Расул Жанболатұлы ІІІ орынды жеңіп алды.
Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар арнайы алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі