"Бақытжан" мешіті әйел жамағатына "Рақымы мол - Рамазан айы" атты рухани кеш өтті 3298

"Бақытжан" мешіті әйел жамағатына "Рақымы мол - Рамазан айы" атты рухани кеш өтті

25 наурыз 2024 500 Оқу 1 минут

"Бақытжан" мешіті ерлер жамағаты әйел жамағатына ауыз ашар дастарханын жайды. Бұл кеш Рамазан айының қадір -қасиетін паш ететін , уағыз-насихаттар мен әсерлі көріністер, жастардың, шәкірттердің өнерлері мен қойылымдарына толы кеш болды. Рухани кеш Алланың Кәләмімен басталып, сүйікті Елшімізге салауаттармен жалғасты. Мешіт ұстазы А. Қойшығұлова "Рамазан - рухани тәрбие мектебі" деген тақырыпта жиылған жұртшылыққа Рамазан оразасының мақсаты - тақуалыққа жету, өзіңді тәрбиелеу, мінез -құлықпен жұмыстану туралы , тақуалықтың мәні, маңызы, түрлері туралы кеңінен насихаттады. Рухани кештің қонақтары Ақтөбе "Әйел-қыздар" секторы жетекшісі К.Кушқарова, Ақтөбе облыстық "Нұр Ғасыр" орталық мешітінің ұстазы Ақмарал ұстаз да өз кезектерінде Рамазан айындағы игі істер, Рамазан айындағы құлшылықтардың түрлері туралы баяндады. Мұнан басқа әйел жамағаттарына танымды ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды.

Рухани кеш соңы әйел адамдардың тарауиқ оқуымен тәмәмдалды.