АҚТӨБЕ: «Good-food» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» сертификатын алды 3486

АҚТӨБЕ: «Good-food» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» сертификатын алды

26 тамыз 2024 390 Оқу 1 минут

 Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев «Good-food» фаст-фуд өнімдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

Облыстың бас имамы Амантай Әбілдаұлы кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстап, халал кәсіптеріне береке тіледі.

Айта кетсек, Ақтөбе қаласындағы «Good-food» дәмханасының үшінші жаңа нүктесі «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды.
Мекен жайы: Қарғалы ауданы, Сатпаев 40 үй.

«Good-food» дәмханасының сертификатын жаңарту барысында айлық аудит жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы өнімдері толықтай тексерілді. Санитарлық тазалығы, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын сақтауы қадағаланды.

Сатпаев 5, Нұр сити 2 мөлтек ауданы, 16 үй мекен-жайындағы нүктелерінеде айлық аудит жұмыстары жүргізіліп тұрады»– деп хабарлайды өкілдіктегі технолог маманымыз.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі