13 Рабиғ әл-әууәл
Шалқарда «Құранға ғашық жүректер» атты рухани кеш өтті 4593

Шалқарда «Құранға ғашық жүректер» атты рухани кеш өтті

16 маусым 2025 88 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында «Құранға ғашық жүректер» атты рухани кеш өтті. 

Ізгілікті насихаттаған шара қасиетті Құран Кәрімді оқумен басталып, шәкірттер Алланың сөзін жатқа оқып, әрбір сүреге қысқаша түсіндірме жасап, тыңдаушыларға рухани әсер сыйлауымен жалғасын тапты.

Игі кеш аясында Құран оқып, жаттап, қайталаудан жалықпаған, үздік білім көрсеткен шәкірттер арнайы марапатталып, ынталандыру мақсатында алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Ал шәкірттер Абай Құнанбайұлының «Алланың Өзі де рас, сөзі де рас» сынды терең мағыналы өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Сонымен қатар Құран тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, қызықты сөзжұмбақтар, сұрақтар ұяшығы сынды зияткерлік ойындар ұйымдастырылды.

Ұстаз Жұлдыз Тлеубай Құран жаттаудың артықшылықтары мен Алла сөзіне деген махаббат туралы уағыз-насихат айтты.

Шара соңында шәкірттер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да Құран үйренуден қол үзбеуге уәде етіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі