Ақтөбе: Наиб мүфти дін мамандарына дәріс өтті 3148

Ақтөбе: Наиб мүфти дін мамандарына дәріс өтті

19 желтоқсан 2023 3350 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен 2023 жылғы РАНТ мүшелерінің жоспарына сай ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Ершат Ағыбайұлы Ақтөбе облысына арнайы іс сапармен келді.

Сапар барысында наиб мүфти облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының имам-ұстаздары мен теологтарының білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған «Құран тәпсіріне байланысты өзекті мәселелер» атты семинарға қатысып, дәріс жүргізді.

РАНТ мүшесі семинарда тәпсір мен тәуил туралы толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар қоғамдағы діни буквализмге жіті тоқталып, зардабынан арылу жолдарын баяндады.

Одан өзге Ершат Оңғар қазіргі қоғамдағы Құран тәпсіріне байланысты орын алған өзекті мәселелерді талдады.

Шара қортындысында ҚМДБ Төрағасының орынбасары қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға толыққанды тұщымды жауап берді.

Ал облыстың Бас имамы Ақтөбеге ат арытып келген наиб мүфтиге алғысын білдірді.

Айта кетсек, семинарға 40-ға жуық дін мамандары қатысып, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мен облыстың Бас имамы атынан сертификат табысталды. РАНТ мүшесі іс сапар мен семинардың маңыздылығы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі