Сектор меңгерушісі «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді 4983

Сектор меңгерушісі «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді

04 November 2025 156 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева жылдық жоспар бойынша «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай Ақтөбе облысына келген екі күндік іс сапар қорытындысында «Мұнара» телеарнасындағы «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді.

Сектор меңгерушісі сұхбат барысында сапардың мақсаты мен «Әйел-қыздар» секторының жұмысына тоқталды.

Сонымен қатар «Әсем киім – әйел ажары» атты мұсылман әйелдердің сән байқауы туралы да айтты.

Сұхбатты жуырда ҚМДБ төл арнасы «Мұнара» телеарнасынан көре аласыздар. Отау-да жиырмасыншы арна.

Түсірілім алаңы ретінде қолдау білдірген «Сарқыт» этно мейрамханасының басшылығы мен ұжымына алғыс білдіреміз. 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі