24 Сафар
“Бақытжан” мешіті: Оқу жылын қорытындыланып, Құранға түскен шәкірттер тәж киді 4592

“Бақытжан” мешіті: Оқу жылын қорытындыланып, Құранға түскен шәкірттер тәж киді

16 маусым 2025 158 Оқу 1 минут

Биылғы оқу жылында “Бақытжан” мешітіндегі әйелдердің сауат ашу бөлімінде ұстаз Анар Қойшығұлова 100-ге жуық шәкірттерге Алланың Кәлімі қасиетті Құранды үйретіп, ақида, фиқһ дәрістерін өткізді.

Рамазан айы мен Құрбан айт мерекесі аралығында 25 шәкірт тәжуид қағидаларын тәмамдап, Құранды жүргізіп, қатесіз оқитындай жағдайға жетті. Осы бір ерекше есте қалатын сәттерді Тәж кию рәсімімен қорытындыланып, рухани кеште әр шәкіртке мешіт атынан сертификат табысталып, “Құранға қадам” атты төс жолақтары тағылды.

Сонымен қатар былтырғы жылдың түлектері тәж киюші шәкірттерге гүл шоқтарын ұсынды. Мешіт ұстазы “Құранға қадам мен Құранға амал” атты насихат айтып, шәкірттерге ақ тілегін арнады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі