ЕЛДІ НЕ БҰЗАДЫ? 274

ЕЛДІ НЕ БҰЗАДЫ?

28 қазан 2020 240 Оқу 1 минут

  «Абдулла бин Мубарак қажылықтан қайтқанда, бірге серік боп келдім, - дейді хадис ғалымы Мусайаб бин Уадих. - Жол үстінде табиғин Ибн Мубарак маған: «Ей, Мусайаб! Қарапайым халықты ығай мен сығай болған елдің қаймағы бұзады», - деді. Мен: «Алла сізді мейіріміне бөлесін, сондай қалай болғаны?», - деп, мұның мәнісін сұрадым.

Ғұлама Ибн Мубарак: «Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетінің бетке тұтарлары бес қабаттан құралады:

Бірінші – тақуалар, екінші – ғалымдар, үшінші – ғазауат жауынгерлері, төртінші – саудагерлер және бесінші – билік тізгінін ұстағандар.

Тақуалар – бұл үмбеттің патшалары. Ғалымдар – пайғамбарлар мирасқорлары. Жауынгерлер – Алла Тағаланың қылышы. Саудагерлер – олар аманат сақшылары. Басшылар – елдің қараушылары», - деді.

Ибн Мубарак сөзін жалғастырып: «Тақуа дәметсе, күнәхар тәубе еткісі келсе, кімді үлгі тұтпақ? Ғалым дүниеқұмар болса, надан қалай жол таппақ? Жауынгер атаққұмар болса, жауды қалай жеңбек? Саудагер қиянатшыл болса, қиянатшылардан құтылудың жолы қалай болмақ? Ал басшылардың өзі қасқыр болса, қойды кім қорғамақ?», - деген екен.

Мұхаммед ИБРАҺИМ

Ұқсас жазбалар

ЖАР ТАҢДАУ

ЖАР ТАҢДАУ

26 маусым 2025 170
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН!

ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН!

22 наурыз 2025 214
СҰЛТАН АХУН ТУРАЛЫ

СҰЛТАН АХУН ТУРАЛЫ

08 сәуір 2024 539