Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті
Мешіт ұжымы
Мешіт туралы
Қандығаш қаласындағы «Нұртай» мешіті 1992ж. құрылысы басталып 1997ж. аяқталды. Ақтөбе облысындығы алғаш мешіттердің бірі деп есептеледі.
Мешіт Кеңес Одағы кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған жергілікті дін қайраткері және Жұрын мешітінің имамы Нұртай Құрманалиннің есімімен аталады. Нұртай Құрманалинның немересі Бауыржан Хайруллаұлы Құрманалин алдымен Қандыағашта (1997), содан кейін Жұрында (2004 ж.) атасының құрметіне мешіт салды.
"Нұртай" мешіті егемендік алғаннан кейінгі жылдардағы Ақтөбе облысы бойынша алғашқы ашылған мешіттердің бірі. Алла үйінің жалпы жобасы Ташкент қаласында жасалды. Мешіттің михрабы және мінбері, қабырғаға ілінетін құран аяттары үлгісі араб каллиграфиясы бойынша жазылған.
2011 жылы «Көркейе бер, туған жер!» Акциясы аясында мешіт күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеу кезінде ерлер мен әйелдердің намазханаларына бөлек кірулер жасалды. 2016 жылы да мешіт үлкен күрделі жөндеуден өтті. Мешіт аланыңа намаз оқылатын қалқа және жаңа тахаратхана салынды. 2017 жылы жаңадан әйелдердің намазханасы ашылды.
Мешіттің алғашқы имамы болып Оразалы қажы Шынболатов қызмет атқарса, қазір имамдықта - Әсемхан Ергазин есімді азамат.
Мешіт бір үлкен және екі кіші залдан тұрады. Әйелдерге арналған бөлек намазхана бар. Мешіт алаңында жаз күндері намаз оқылатын қалқа орналасқан. Мешіт ауласында алма және өзге де талдар мен гүлдер отырғызылған.
«Нұртай» Мұғалжар аудандық мешіті қызмет көрсетуге дайын. Мешіт жаңында сауат ашу курсынан дәрістер өтіледі. Келем деушілерге есігіміз ашық!