Әйтеке би аудандық орталық мешіті

Әйтеке би аудандық орталық мешіті

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
Ашылған уақыты: 2012
Сыйымдылығы: 100 адам
Мұнара биіктігі: 15 метр
Күмбез биіктігі: 8 метр
Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылы Т.Жүргенов көшесі 62 үй
Байланыс: 8747 248 87 25
Мешіт ұжымы
Мешіт туралы

Әйтеке би аудандық орталық мешітінің құрылысы 2011 жылы аудан әкімі Есенбаев Есімхан Қалмағанбетұлының басшылығымен, жергілікті халықтан қаражат жиналып басталды. 2012 жылы аудан әкімі Бердалин Аманғалидың бақылауымен мешіт құрылысы аяқталып, желтоқсан айының 7 күні халыққа ғибадат үшін берілді. Мешіт ашылуына Ақтөбе облысының бұрынғы өкіл имамы Дәуренбеков Әбдімүтәліп Қайназарұлы қатысты.