Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешіті
Мешіт ұжымы
Мешіт туралы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласынан заманауи талаптарға сай мешіт құрылыс бастамасы 2019-жылдың қазан айында бой көтерген болатын.
Қандыағаш қаласындағы жергілікті кәсіпкер Қадыралин Бахытжан Дүйсенұлының Алла разылығы үшін деген ниетпен мешіт салдыру құрылысы 2019-жылдың шілде айында бастау алып, 3 ай ішінде салынып бітіп, қазан айында ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына облыстың бас имамы Төлеби Оспан Дәділұлы қатысты. Лента қию рәсімін өзі жүргізіп, халықты қуаныштарымен құттықтады. Мешітке «Қадірәлі ата» атауы беріліп, қазан айының 1-жұлдызынан бастап іске қосылды.
Мешіт екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта негізгі зал және имам бөлмесі орналасса, екінші қабат әйел кісілерге арналған. Жертөледе дәретхана, қойма орналасқан. Мешіт сыйымдылығы - 800 адамдық. Мешіттің ұзындығы – 50 метр, ені – 20 метр. Күмбезінің биіктігі - 10 метр, ені - 3 метр. Күмбезі - алтын түстес. Мешіт екі мұнаралы. Мешіт жанынан ағаштар отырғызылып, табиғи тас кеспекшелер төселген. Түнде мешіт айналансын жарықтандыру үшін арнайы шамдар қойылған. Мешіт халыққа қызмет көрсетуге дайын. Келем деушілерге, сондай-ақ ілім алып, құлшылық етем деген ізгі ниеттілер үшін есігіміз әрқашан ашық!