27 Сафар
«Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында практикалық сабақ өтті 4667

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында практикалық сабақ өтті

05 шілде 2025 62 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде әйел жамағатына «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында практикалық сабақ ұйымдастырып, оны Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Кушкарова өтті. 

Сектор жетекшісі мұсылман әйелдерге шариғатқа сай жаназа рәсімдерін дұрыс әрі құрметпен орындауды үйрету, және өлімге дайындықтың әрбір мүмін үшін маңызды екенін ұғындыру екенжігін айтып, сабақтың маңыздылығын түсіндірді.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады…» деп, өлімнің хақ екенін ескерткен (Әли Имран сүресі, 185-аят). Бұл дүниеден өткен мұсылманды ақтық сапарға шығарып салу – тірілердің мойнындағы аманат әрі үлкен жауапкершілік.

Сонымен қатар мәйітті жуындыру (ғусылдандыру) мен кебіндеу амалдарын егжей-тегжейлі іс жүзінде көрсетіп, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Одан өзге дәріс қорытындысында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы табысталды. Қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы әрі қажетті тақырыптардың жиі өтілуіне ниет білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі