26 Сафар
13:20 Бесін
РАТТ мүшесі Ұлттық домбыра күнімен «Ер Едіге» жыр мектебін құттықтады 4656

РАТТ мүшесі Ұлттық домбыра күнімен «Ер Едіге» жыр мектебін құттықтады

05 шілде 2025 80 Оқу 1 минут

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы "Ер Едіге" жыр мектебінің "Қасиетіңнен айналайын, қос ішек" кеші өтіп, оған құрметі қонақ ретінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Мұнара» телеарнасының журналисті, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Орысбайқызы қатысты. 

Шара барысында РАТТ мүшесі ҚМДБ-бір бағыты «Дін мен дәстүр» екендігін айтып, бағыттың жұмыстарымен таныстырды. Руханияттың қара шаңырағы республикалық «Мұнара» телеарнасының атынан Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Сонымен қатар Ақтолқын Орысбайқызы Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлнар Рамазанқызы мен "Ер Едіге" жыр мектебінің жетекшісі, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», жырау Әділбек Сарин мен мектептің шәкірттеріне мерекелік сыйлық табыстады.

Мерекелік кеште қадірлі қонақтар қатарында жыршы, ұстаз Ордабай Сәндібаев, маңғыстаулық жыршы Сәрсенбай Рахманбердиев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Гүлімай Әбішқызы, кәсіпкер, қолдаушы Райгүл Алданышқызы болды.

Сонымен қатар Әділбек Сариннің шәкірттері «Қырымның қырық батыры» дастанынан үзінді, сөз жүйрігі атанған Нұрпейіс Байғанин, Наурызбек, Әбубәкір Кердері, Сарышолақ Боранбайұлының мұрасын жырлады.

Одан өзге Ұлттық домбыра күніне орай арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кетсек, шілде айының алғашқы жексенбісі — Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. Биыл бұл мереке 6 шілдеге сәйкес келіп отыр. Домбыра күні 2018 жылы ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітініің баспасөз қызметі