Әйел жамағаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен аналарына ауыз ашар берді 3334

Әйел жамағаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен аналарына ауыз ашар берді

08 сәуір 2024 350 Оқу 1 минут

Сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айында "Бақытжан" мешіті әйел жамағаты Ақтөбе қаласы боцынша мүмкіндігі шектеулі және ерекше балалар мен олардың аналарына арнап ауыз ашар берді.

Бұл шараға барлығы 75 әйел және 35 ерекше балалар қатысты.

Ауыз ашар кеші қасиетті Құранмен ашылып, дастархан дұғасы жасалды.

Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова алғы сөз алып, Рамазан айының қадір-қасиеті, Қадір түнінде жасалатын құлшылықтар, адамдар арасындағы мейірімділік пен қайырымдылық жайлы насихат айтып өтті.

Мұнан кейін мешіт шәкірттері ой саларлық көріністер көрсетіп, домбырамер термелер шырқалып, мәнеріне келтіріп өлеңдер оқыды. Тыңғылықты әзірлікпен дайындалған шәкірттердің бұл өнерлері жиналған жандардың жанарына жас үйірді.

Кешке шақырылған аниматорлар - мультфильм кейіпкерлері балалардың көңіл -күйлерін көтеріп, оларға түрлі қимыл -қозғалыстар жасатты. Барлық балаларға планшеттер сыйлыққа тарту етілді.

Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарда өз кезегінде мешіт жамағатына алғыстарын айтып, ізгі тілектерін жеткізіп, үйлеріне көңілді оралды.