Тұңғыш рет Ақтөбеде қазақы ауызашар берілді
Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы күнінен бастап «Бір күнде – бір хатым» жобасы аясында амал етіп жатқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен 60 адамға алғаш рет қазақы ауызашар берілді.
Бұл ауызашардың ерекшелігі – дастарқанға бірыңғай қазақы тағамдар қойылып, ұлттық құндылықтар насихатталды. Сонымен қатар сектор жетекшісі Кенжегүл Қошқарова Рамазан айының қадір қасиеті туралы уағыз айта келе, ауызашар дастарханын аста-төк етпей, мейлінше қазақы және қарапайым болуы керектігі туралы баяндап өтті.
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әжелер мектебінің» белсенді мүшелері ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, батасын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі