«Мұнара» телеарнасы: «Күй күмбірі» бағдарламасының алғашқы түсірілімі өтті 4993

«Мұнара» телеарнасы: «Күй күмбірі» бағдарламасының алғашқы түсірілімі өтті

07 November 2025 121 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның төл арнасы «Мұнара» телеарнасында жаңа маусым басталды. 

Ақтөбе облысы өкілдігінде «Күй күмбірі» бағдарламасының алғашқы түсірілімі өтті.

Бағдарлама қонағы күйші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ардақ Елеусіз болды.

Бағдарлама барысында күйшінің «Шерменде», «Мен қазақпын», «Елім менің» авторлық күйлерінің шығу тарихы айтылып, құрылымы т.б талданды. Аталған шығармалар орындалды.

Сонымен қатар кәсіби білікті елімізге танымал күйшілерден «Қазанғап мектебінің жалғасы» деген баға алған Ардақ Елеусіз Қазанғап шығармаларын да орындап, тарихын баяндады.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ақтолқын Тажикова.

Түсірілім алаңына қолдау білдірген Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының басшылығы мен ұжымына алғыс білдіреміз.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі