Ақтөбе: Білімді мыңды жығады
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ардақ Бағдалқызының ұйымдастыруымен «Әліппе» тобына әртүрлі әдістермен дәрістер өтуде.
Күн сайын шәкірттермен жеке және топпен жұмыс жасалып, жаңа дәрісте әріптердің дыбысталу орындары түсіндіріліп және 4 көріністе жазылуы үйретілді. Сонымен қатар әріптерді дұрыс дыбыстауды үйрену үшін қайталау әдісі бойынша жаттығуларды қайталау негізінде жеке-жеке әр шәкірттен сұралды.
Ұстаздың айтуынша, Қасиетті Рамазан айында Алланың сөзі Құранды үйренуге деген шәкірттердің қызығушылықтары өте жоғары.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі