Ақтөбе: «Әйел-қыздар» секторы балаларды қуанышқа бөледі 1597

Ақтөбе: «Әйел-қыздар» секторы балаларды қуанышқа бөледі

28 сәуір 2022 173 Оқу 1 минут

Ақтөбе өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторы Рамазан айының құрметіне орай өңірдегі «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру стационарындағы балаларды зиярат етті.

Сонымен қатар сауабы мол игі шарада ұйымдастырушылар жаңа мекен жайға көшкен орталыққа қоныс жайлы болсын айтып, балалардың имунитетін көтеретін «Пиковит» шырыны, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы төсеніш және балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында «Рамазан тәттісін» тарту етті. Одан өзге сектор жетекшісі Кенжегүл Қошқарова мен шәкірттер қоныстары жайлы, көлеңкелі және балалар ойнаған кезде сая болсын деген ізгі ниетпен сауықтыру орталығының ауласына алма ағаштарының көшеттерін отырғызды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі