Ақтөбедегі лаваш орталығы «Халал» сертификатын алды
Ақтөбе қаласындағы «Заболотная Ангин» ЖК лаваш орталығы «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.
Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы мен ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов лаваш орталығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.
Атап айтқанда, «Заболотная Ангин» ЖК орнына тиесілі Ақтөбедегі лаваш орталығы «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.
Кәсіпорында шаршы, дөңгелек, дөңес, сырмен, әртүрлі яғни қызыл, сары, жасыл, қызғылт сары түрдегі лаваштар жасалады.
«Заболотная Ангин» ЖК лаваш орталығына берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 04.10.2021- 03.10. 2021 мерзімі аралығында жарамды.
Еске салсақ, «Халал Даму» мекемесінің жергілікті өкілі міндетті аудит жұмыстары мен оқу-семинар шараларын жүргізіп келеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі