Облыстың Бас имамы жаңа оқу жылына арналған іс-шараға қатысты 794

Облыстың Бас имамы жаңа оқу жылына арналған іс-шараға қатысты

01 қыркүйек 2021 158 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе медресе-колледжінде 1 қыркүйек – білім күніне орай салтанатты іс-шара өтіп, оған Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы қатысты.

Шара барысында облыстың Бас имамы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков 2021-2022 оқу жылына келген шәкірттерге жылы лебізін білдіріп, алдыңғы жылы жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Одан өзге Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев 10 жылдан бері медресе-колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Алмас Ағабековты облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапаттады.

Оқу ордасындағы биылғы жылдың басты жаңалығы – қыз балаларға арналған мамандықтың ашылуы және 9 сыныптан кейін бала қабылдау мүмкіндігі.

2021-2022 оқу жылына медресе колледжіне 98 шәкірт қабылданды, оның 10-ы қыз балалар.

Медресе бітірген шәкірттер болашақта дін саласында аяңбай еңбек етеді деп сенім білдіреміз!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі