Сансызбай Құрбанұлы наиб мүфти қызметіне тағайындалды
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті аппарат жиналысын өткізген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сансызбай Шоқановтың наиб мүфти қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.
«Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі қызметін сақтай отырып, қоғамдық негізде ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.
«Сансызбай Құрбанұлының діни салада жинақтаған тәжірибесі мол. Өзіне жүктелген қызметтік міндетті сеніммен атқарып, жамағаттың бірлігін нығайтуға, пәтуа беру саласын жандандыруға үлес қосады деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов
1971 жылы Түркістан облысында дүниеге келген
Білімі:
1988 жылы Дарбаза ауылында №29 орта мектепті бітірген.
1993-1994 жылы Алматы орталық мешітінде араб тілінен сауат ашқан.
1994-2004 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы сол университеттің «Ислам шариғаты» факультетін бітірген.
2005-2008 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтына түсіп, екі жылдық магистратураны бітірді. Онымен қатарлас аралығында Мысыр Араб Республикасы Каир қаласындағы «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуа комитетінде» пәтуа бөлімін бітірді.
2013-2014 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған.
Еңбек жолы:
2009 жылдан бастап Қазақстан аймағы бойынша уағыз-насихат жұмыстарымен айналысып келеді.
2010-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы «Нұр-Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имам және «Ақтөбе» медресесі директорының орынбасары қызметін атқарды.
2013-2017 жылдары ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды
2017 жылдан бастап ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі.
2021 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти қызметіне тағайындалды.
Қазіргі таңда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша докторант.
ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі.
Үйленген, алты баланың әкесі.