Жаңалықтар
21 мамыр 2026 64
Ақтөбе: Қаланың Бас имамы құрбандық шалынатын арнайы орындардың дайындық жұмыстарын тексерді

Ақтөбе қаласының Бас имамы, ҚМДБ «Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли Құрбан айт қарсаңында қала аумағындағы құрбандық шалынатын арнайы орындарды аралап, дайындық жұмыстарын тексерді.

Жаңалықтар
21 мамыр 2026 63
«Қасапшылық әдебі және шариғи талаптар» атты семинары өтті

Ақтөбе қаласының бас имамы, ҚМДБ «Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен және қала имамдарының қатысуымен қасапшыларға арналған «Қасапшылық әдебі және шариғи талаптар» атты арнайы оқыту семинары өтті.

Жаңалықтар
06 мамыр 2026 53
Ақтөбеде бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал куәліктері табысталды

Ақтөбе қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал куәліктері табысталды. Атап айтқанда, ИП «Express» ет дүкені жаңадан иеленсе, ЖШС «Азия Ингредиент» кәсіпорны балмұздақ өнімдері бойынша берілген халал куәлігін қайта жаңартты.

Жаңалықтар
07 наурыз 2026 65
#Рамазан2026: «Мұнара» : Ақтөбе қаласының Бас имамы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді

Ақтөбе қаланың Бас имамы, облыс бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі, облыс бойынша «Халал Даму» мекемесінің жауапты маманы Алмат Әли журналист Ақтолқын Тажикованың «Мұнара» телеарнасындағы авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.

Жаңалықтар
19 ақпан 2026 74
«Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында имамдарға арналған семинар өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасына сәйкес «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен қалалық орталық мешітінде имамдарға арналған «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында семинар өтті.

Жаңалықтар
17 ақпан 2026 89
«Rokos» шұжық цехы тексеріліп, Qmdb Halal куәлігі жаңартылды

Ақтөбе қаласында орналасқан «ROKOS» шұжық цехында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Тексерісті технолог ҚМДБ «Халал Даму» орталыгығың Бас маманы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы және өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әли жүргізді.

Жаңалықтар
17 ақпан 2026 139
Облыстық мешіт жамағатына «Халал – аманат пен адалдық жолы» атты семинар ұйымдастырылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасына сәйкес «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағатқа арналған «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында кездесу-семинар өтті.

Әйел-қыздар секторы
16 ақпан 2026 137
ҚМДБ «Халал Даму» орталығының бас маманы «Мұнара» телеарнасында қонақ болды

Бүгін ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының бас маманы Мейіржан Бауыржанұлы Ақтөбеге келген іс сапары барысында «Мұнара» телеарнасының өңірдегі студиясында қонақ болды.

Әйел-қыздар секторы
13 ақпан 2026 75
ҚМДБ технологы Шалқар ауданына барды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Халал Даму» стандарттау, сертификаттау саласының технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы Шалқар ауданына іс-сапармен барып, жергілікті жамағатқа семинар өткізіп, бірқатар шараларға қатысты.