Ақтөбе өкілдігінде "Қайырымды жұма" акциясы өтті 744

Ақтөбе өкілдігінде "Қайырымды жұма" акциясы өтті

20 тамыз 2021 170 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде "Қайырымды жұма" акциясы өтті. 

Оған Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба», мен «Бақытжан» мешіттері, ал Хромтау ауданындағы «Нұр» мешіті, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылындағы «Бегімбет» мешітіде үлес қосты.

Атап айтсақ, Хромтау – 2, Шалқарда – 6 (30.000 тг азық түлік және 1 отбасыға 30.000 тг қаржылай көмек) отбасыға, қалалық «Бақытжан» мешіті – 5 (40 кг азық-түлік), қалалық «Қабақ баба» мешіті – 4 (24 кг ет) яғни осы жұма 17 отбасыға азық-түлік үлестіріп, мүфтият бекіткен 7 бағыттың бірі – қайырымдылық саласында іс-шаралар жасады.

Ұйымдастырушылар қайырымдылыққа себепкер болған азаматтарға алғыстарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі