Миғраж түніне орай  рухани кеш ұйымдастырылды 2502

Миғраж түніне орай рухани кеш ұйымдастырылды

20 ақпан 2023 222 Оқу 1 минут

«Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Намаз — мүміннің миғражы» атты Миғраж түніне орай рухани кеш өтті. 

Аталған шара Миғраж түні үмметке сыйға берілген «Бақара» сүресінің 285-286 аяттарын оқумен бастау алды. Ұстаз Анар Қойшығұлова жамағатқа Исра және Миғраж түндері, хикметі, оқиға желісі, сыйға берілген нығметтер туралы көрнекі түрде баяндап берді.

Облыстағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Намаз құлшылығы, намаздағы ықылас, жүрек мәселесі» туралы насихат айтты.

Ал мешіт шәкірттері Аделия Бауыржанкызы «Ең соңғы намаз», ал Қарлығаш Ерланқызы «Азан мен намаз. Өмір өлшемі» атты өлең оқыды.

Одан өзге жайнамаз бейнесінде қағаздарға намазға байланысты қызықты сұрақтар жазылып, сағынышқа толы естеліктер айтылды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі