13 Джумада әл-әууәл
#Иманижаз2025 : Шәкірттер кино көрсетілімге барды 4638

#Иманижаз2025 : Шәкірттер кино көрсетілімге барды

28 маусым 2025 66 Оқу 1 минут

ҚМДБ "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінде #Иманижаз2025 курсындағы шәкірттер "Керуен сити" ойын-сауық орталығына кино көрсетілімге барды.

"Приручить дракона"  (Айдаһарды бағындыру жолы) атты анимациялық кинодан балалар эмоционалды әсер алып, сабақ барысында ұстаздармен  бірге қызу талқылады.

Талқылау барысында облыстағы "Әйел-қыздар" секторының жетекшісі, ұстаз Кенжегүл Қошқарова басты кейіпкердің адамгершілігі, мейірімділігі мен сезімталдығы қасиеттерінің арқасында жауласқан екі тарапты бітістіргені туралы баяндап, Ислам дінінің де мақсаты да бейбітшілік пен татулықты дәріптеу екенін жіті түсіндіріп  өтті.

"Айдаһарды үйрету – өз нәпсіңді тәрбиелеу сияқты. Адам сыртқы дұшпанымен емес, ішкі нәпсімен күресе білсе, жүректе мейірім орнайды деген ой қосты өндірістік тәжірибеден өтуші Ақтілек Тлеужан.

Сонымен қатар "Қандайда мәселенің байыбына жетпей жатып дұшпан санамай,  мейіріммен қарау – мұсылмандық әдеп. Бір нәрсені түсінбей жатып үкім шығару — надандық" деп қорытындылады өндірістік тәжірибеден өтуші Анар Турганбаева.

Ал шәкірттер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі