Жұмадағы жақсы амал 1610

Жұмадағы жақсы амал

29 сәуір 2022 113 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторы қасиетті жұмада сауапты амалды іске асыру мақсатында «Болашаққа сенім» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығын зиярат етті. 

Ұйымдастырушылар сауықтыру орталығында ем алып жатқан балалар мен ата-аналарын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, балаларға шипа, ал ата-аналарына сабыр мен күш-қуат тілеп, дұға жасады.

Сонымен қатар балаларға «Рамазан тәттісі» мен жаңа қоларба мен балалар қоларбасын сыйға тару етті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі