«Әзіреті Біләл» (р.а) мешіті: «Игі ана – ізгі қоғам негізі» атты рухани-танымдық кеш өтті
Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінде әйел жамағатына «Игі ана – ізгі қоғам негізі» атты рухани-танымдық кеш өтті.
Аталған шарада «Досжан Хазірет» мешітінің ұстазы Ақжарқын Темірқызы жиналған жамағатқа жаңа қызметке тағайындалған Айбекқызы Жазираны және машықтанушы студент Жолдыбайқызы Лиданы таныстырды. Сондай-ақ тақырыптың өзектілігіне тоқталды.
Ал «Әс-Сәлам»мешітінде машықтанушы Жолдыбайқызы Лида «Ізгі аналар» тақырыбында сөз сөйлесе, «Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінің ұстазы Жазира Айбекқызы «Салихалы ананың ерекшелігі» тақырыбында баяндама оқыды.
Жамағат көкейлерінде жүрген ана және баланың тәрбиесіне қатысты сұрақтарына жауап алды.
Кеш соңында сұрақ-жауап ойыны болды. Кішкентай қатысушы балаларды да естен шығармай, оларға да сұрақ қойылып, сыйлықтар таратылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі