17 Зул-Қағда
Ақтөбе имамдары “Дархан дала” жобасы аясында Темір ауданына барды 4505

Ақтөбе имамдары “Дархан дала” жобасы аясында Темір ауданына барды

12 мамыр 2025 266 Оқу 1 минут

ҚМДБ “Дархан дала” жобасы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен қала имамдары мен жамағаты Темір ауданында орналасқан “Досжан хазірет” бабамыздың рухына Құран бағыштап, зиярат етті. 

Өңірлік Досжан Хазірет мемориалдық кешеннің меңгерушісі Ерлан Көшеновтың жол нұсқауымен Досжан ишанның бабамыз салдырған мешіт пен медресеге барып, мұражай көрмесінен көптеген ақпараттармен танысты.

Досжан хазірет Қашақұлы — діни ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері. 12 жыл діни білім алып, 9 жасында Құран Кәрімді толық жаттап, небәрі 17 жасында имамдық қызмет атқарған. Бабамыз Құнанбай қажымен бірге қажылық сапарына аттанып, жалпы өмірінде 3 рет қасиетті мекенге табан тіреген дара тұлға. Осы орайда айта кетейік “Дархан дала” жобасының басты мақсаты — ел руханиятын көркейтуде елеулі еңбек қылған ерек тұлғаларды өскелең ұрпаққа насихаттап, ұлттық рух пен құндылықтарымызды дәріптеу.

Рухани сапар барысында арнайы Темір аудандық “Досжан Ишан” мешітінің Бас имамы Зарлық Аманұлының мұрындық болуымен дастархан жайылып, ас беріліп, ұлттық ойындардан сайыстар өтті. Басқосудыа РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы жамағаттың бірлігі жайында, “Дархан дала” жобасының Ақтөбе өңірі бойынша жауапты маманы, Досжан Хазірет мешітінің имамы Үмбетов Шынболат жамағатқа Дархан дала жобасының маңыздылығын түсіндіріп өтті. Қабақ баба мешітінің имамы Дүйсеев Нұрлыбек мұсылман мұсылманға бауыр тақырыбында, қалалық орталық мешіттің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы сахабалардың көркем мінездері туралы жамағатқа уағыз айтты.

Әр жыл сайын қолға алынып келе жатқан ұлттық жоба алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі