Мешіт құрылысын аяқтау пысықталды 112

Мешіт құрылысын аяқтау пысықталды

20 қыркүйек 2020 215 Оқу 1 минут

Сәрсенбінің сәтті күні Бас имам Төлеби Оспан Мәртөк ауданы, Жайсаң ауылында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты. Нысан алаңындағы кездесуге аудан әкімінің орынбасары Медет Искаков, ЖСН Холдингінің бас директоры Асембек Мұратқалиев және ауыл тұрғындары қатысты.

Ауылдық имандылық үйін салуды қолға алған кәсіпкер Асембек Нығметуллаұлы құрылыс жұмыстары туралы баяндады. Кәсіпкердің айтуынша, карантин шаралары мешіт құрылысын қарқынды түрде жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Өз кезегінде Бас имам Төлеби қажы Дәділұлы мешіт құрылысына қатысты өз ойымен бөлісті. Мешіт сақалды құрылысқа айналмас үшін нысанды тездетіп аяқтау жұмыстары пысықталды.

Мешіт еңселі болу үшін 2 метр биіктікте фундаменті құйылып, айналасы тегістелуде. Ғибадатханамен бірге 200 адамға арналған ас-садақа өткізетін асхана салынбақ. Жайсаң ауылдық мешіті 2021 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

Баспасөз қызметі