Әйелдер Наурызда салт-дәстүрді дәріптеді 3300

Әйелдер Наурызда салт-дәстүрді дәріптеді

25 наурыз 2024 515 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторы «Діңгегі дінмен өрілген - салт-дәстүрім» атты қазақ ұлтының рухани құндылыққа толы қастерлі мерекесі - Наурыз мейрамын атап өтті.

Айтулы мерекеге облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында 180-ге жуық ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер жиналды.

Кешті бастаған жүргізушілер, айтулы мерекеде халқымыз ықылым заманнан осынау күнді Жаратқан Иемізге шүкірлік айтып, азды-көпті өкпе-реніші бар ағайын құшақ жайып, бауырластықты нығайтып, ерекше сезіммен қарсы алғанын өлең шумақтарымен жеткізді.

Мереке барысында діңгегі дінмен өрілген ежелгі қазақы салт-дәстүрімізді жаңарту мақсатында көрермендерге. «Қыз ғұмыры» атты қойылым көрсетілді.

Көрсетілім барысында салт-дәстүріміздегі «құрсақ шашу», «жарыс қазан», «қалжа», «азан шақырып ат қою», «бесікке салу», «тұсау кесу» және «қыз ұзату» сынды шариғат талабына сай бейнеленген көріністер, көрермендердің көңілінен шықты.

Мереке ауыз ашар дастарханында жалғасын тапты. Атаулы мерекенің мәні мен сәні болған, дастарханының басты мәзірі әрине Наурыз көже.

«Әжелер мектебінің» белсенді мүшелерінің алуан түрлі тәсілмен дайындаған дәмі тіл үйіретін көжелерінің дәмін татып, жиылған жамаған алғысын білдіріп, ұйымдастырушылар тарапынан сыйлық берілді.

Кеш соңында қонақтар ізгі тілектерін айтып алғысын білдірді, үлкендер батасын берді.