Бозойда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді 2145

Бозойда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

01 қазан 2022 176 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында өткен «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында Ақтөбе қаласы, «Бақытжан» мешітінің Бас имамы Ержан Мизамов Бозой ауылында насихат жұмыстарын жалғастырды. 

Ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінде жұма намазын жүргізіп, «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ ауыл әкімі Жасұлан Арышұлымен кездесіп, ауылдағы діни ахуалмен танысты. Одан өзге Бозой орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен жүздесіп, «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізді.

Одан өзге 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған шарада «Дін мен дәстүр» тақырыбында насихат айтып, ауыл ақсақалдарын мерекемен құттықтады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі