16 Зул-Қағда
Жергілікті кәсіпкер облыстық мешіт маңайына асфальт төсеп берді 4504

Жергілікті кәсіпкер облыстық мешіт маңайына асфальт төсеп берді

12 мамыр 2025 204 Оқу 1 минут

Дін жанашыры, жергілікті кәсіпкер құтты мекен Ақтөбенің жүрегі, рухани ордаcы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіттің маңындағы автотұрақ пен жолдарға асфальт төседі. 

Бұл игі іс жайында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Үш адамның артынан өшпес сауап барады.Соның бірі, кімде-кім жол соғып, дүниеден өтсе, сол соққан жолынан әрбір жүрген адамның әрбір қадамына берілген сауаптың бір бөлігі сол жолды соққан адамның артынан барып тұрады»,- деп айтылған. Алла Тағаладан сауапты істеріміз молынан болсын дегіміз келеді.

Мешіт ауласының ой шұқырлары тегістеліп, көліктің кіріп-шығуы жеңілдеді. Cауабы мол игі іс  6 миллион теңгеге жасалды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі