Айшуақта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен қолған алынған «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында Шалқар ауданы, Бегімбет ауылында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-сапар барысында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Абазал Медетбеков, Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, республикалық «Мұнара тв» телеарнасының тілшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы ауылдағы тұрғындармен кездесіп, ынтымақ пен татулықты, бауырмалдықты арттыру мәселесі, жат ағымнан сақтану жолдары, бала тәрбиесі, әлеуметтік желідегі жалған ақпараттарды синтездеу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар кездесу барысында дін мамандары ұстаздар мен қарттарды мерекелерімен құттықтады.
Кездесу қортындысында қатысушылар дін тақырында мазалаған сұрақтарын қою арқылы спикерлерден тұщымды жауап алып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Одан өзге ауыл ақсақалдары осы секілді кездесулер жастар арасынжа жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі