Мәртөк: Ауданның Бас имамы шәкірттерді қызметке шақырды 3487

Мәртөк: Ауданның Бас имамы шәкірттерді қызметке шақырды

27 тамыз 2024 227 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық мешітінің Бас имамы Марал Иманғали «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті. 

Басқосудың басты мақсаты – шәкірттерді аудан аумағында қызмет етуге шақыру.

«Жас маман – ауылға қадам, бас маман!» жобасы аясындағы кездесу жергілікті жамағат пен медресе шәкірттеріне ас берумен жалғасын тапты.

Дастархан басында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли, Мәртөк ауданының бас имамы Марал Иманғали т.б дін мамандары ғибратқа толы насихат айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі