Облыстық орталық мешітте 60-қа жуық отбасыға көмек көрсетілді
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли мен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған шараға демеуші ретінде дін жанашырлары себепкер болды. Мешітке келіп өтініш білдірген көпбалалы және жалғызбасты 27 отбасыға 432 кг азық-түлік қоржынын Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы үлестірді.
Сонымен қатар Бас имам қайырымдылыққа үлес қосқан дін жанашырларына алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.
Айта кетсек, одан өзге "Жылулық сыйла" жобасы аясында 30 отбасыға 86 кг күзгі киімдер таратылған болса, "Қолдан қолға" жобасы негізінде 1 отбасының 25 000 теңгеге пәтер ақысы төленді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі