Ақтөбе: Республика күніне орай 40 отбасыға қуаныш сыйлады
Еліміздегі елеулі ұлттық мереке Республика күніне орай және ҚМДБ-ның жылдағы дәстүрге сай өтетін «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Аталған қайырымдылық акциясының мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмек отбасылар мен асыраушысы жоқ және мүмкіндігі шектеулі жандарды қысқы отынмен қамтамасыз ету. Осыған орай, Ақтөбе қалалық орталық мешіті 40 отбасыға 20 тонна көмір сыйлады.
Осы тұста қаланың бас имамы: «Қылышын сүйреткен қыстың қамын жасау үшін отын мәселесі өзекті. Асыл дініміз мұсылман баласына қоғамның жауапкершілігіне аса маңызбен қарауға шақырады. Сол себептен демеушілік көрсеткен азаматтардың жәрдемімен барынша әр отбасыға көмек көрсетуге тырысудамыз»,- деп атап өтті.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім мұсылман бауырының қажетін өтейтін болса, Алла Nағала оның қажетін өтейді,»-деген. Ендеше осындай қоғамдағы мұқтаж адамдардың әлеуетіне жарар игі істерде демеушілік танытқан жомарт азаматтарға алғыс білдіреміз!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі