Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі «Имани жаз» сауат ашу курсының алғашқы легі аяқталды.
Жалпы саны 30ұл және 30қыз Құран әліппесі, пайғамбар өмірбаяны, ислам әдебі сынды пәндер бойынша сабақ алып, имани құндылықтармен 15 күн бойы сусындады.
Лагерь барысында барынша жауапкершілікпен білім алып, ынталы шәкірттерге мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы : «Мешіттегі жазғы сауат ашу лагерінде үлгілі тәртіппен, ұстаздардың берген білімін игеріп шыққандарың үшін баршаңа алғыс білдіремін.
Құлшылық ордасындағы алған тәлімдерің өмірлік жолбасшыларың болып, қоғамға пайдалы , дара тұлға болып өсуіңе шын жүректен тілектестік білдіремін!
Жолық әрдайым ашық, талаптарың таудай болсын,»- деп игі ниетін білдіріп өтті. Сондай-ақ, барлық бүлдіршінге мадақтама қағазы және арнайы сыйлықтар берілді. Оған қосымша діни басқарма баспасынан шыққан «Иман әліппесі» кітабы таратылды.
Аталған уақыт ішінде адамгершілік қағидаларын үйретіп, асыл діннің негізін түсіндірген ұстаздар қауымы мен мешіт ұжымына ата-аналар тарапынан ризашылық пен алғыс айтылды.