Ақтөбе қалалық орталық мешітінде құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде тойланды.
Мереке айт намазын оқудан басталып, мешіттің бас имамы елдің амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға тілеп, ақсақалдар қауымы көпшілікке бата жасады.
Кейін арнайы тігілген ағаш үйде 500 адамға дастархан жайылды. Одан өзге ұлттық спорттарымыз насихатталып, қой көтеру, қол күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс сайыстары өткізіліп, белсенді азаматтар мен жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Кейін ұлық мейрамның лебі балаларға да сезілсін деген ниетпен бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, батут құрылып, лимузин автокөлігімен қаланың көрнекі жерлеріне кішігірім шолу жасалды.
Айтулы мерекеге барынша қолдау білдіріп, демеушілік еткен жомарт азаматтарға мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы алғысын білдірді.