«Ихсан – рухани тәрбие  негізі» кітабы –  ұрпағымыздың рухани тәрбиесі үшін қүнды қазына 802

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы – ұрпағымыздың рухани тәрбиесі үшін қүнды қазына

06 қыркүйек 2021 207 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық орталық мешітінің Бас имамы Зарлық Ералинның ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың коворкинг залында  жергілікті зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен "Ихсан рухани тәрбие негізі" атты кітаптың таныстырылымы өтті. 

Игі шараға ақындар, тарихшы, ардагер ұстаздар қатысып, ихсан ілімі туралы жарық көрген кітап турасында өз ойларымен бөлісті.

Ақын, ардагер ұстаз Қыдырбай Шудабайұлы: "Кітаптың тілі жеңіл, кез келген адам оқып түсінуге болады. Әр мұсылманның үйінде Құран кітабы болғаны секілді, бұл кітапта әр үйдің кітап сөресінен орын алуы керек. Себебі, өзіміздің және ұрпағымыздың рухани тәрбиесі үшін ауадай қажет, құнды қазына десек болады",- деді.

Шара қортындысына аудандық кітапханаға «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы  тарту етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі