Әйелдер жамағаты құрбан айт мейрамын тойлады 3430

Әйелдер жамағаты құрбан айт мейрамын тойлады

16 маусым 2024 244 Оқу 1 минут

Қмдб әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы “Нұр Ғасыр” мешіті Құрбан айт мейрамына орай әйел жамағатына айт намаздан соң шәй дастарханын жайып, ыстық тамақтар ұсынылды. Ас басында “Әйел-қыздар” секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова жамағатқа құрбан айт мейрамында жасалатын құлшылықтар туралы, бұл мейрамның ерекшеліктері туралы айтты. Келесі сөз кезегін “Нұр Ғасыр” мешітінің ұстазы Ақмарал Ерболатова құрбандық шалуға жарамды малдар туралы сөз етті. Іс-шарада кішкентай балаларға балмұздақ таратып, балалар мәз-мейрам болды. Сонымен қатар әйел жамағаты арасында спорттық ойындар ойнатылды, оның ішінде қол күрес сайысы және арқан тартысып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.