«Әке мектебі – отбасы тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ауданның бас имамы Ерік Сұлтанов "Ислам және ізгі қоғам" атты жыл аясында «Әке мектебі – отбасы тірегі» тақырыбында жамағатқа арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды.
«Әке» деген сөзді айтқанда қамқоршың, тіреуің, қорғаның екенін сезесің. Отбасы үшін әкенің орны бөлек. Әке – бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның бірі. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше.
Хадис шарифте айтқандай, «Әке перзентіне жақсы тәрбиеден артық сыйлық бере алмайды». Себебі, бала тәрбиесінде әкенің берері мол», -деді ауданның Бас имамы.
Сонымен қатар жамағатқа бала бойындағы батылдық, сабырлық, өжеттілік, мәрттік, өмірдің қиындықтарын мойымай көтеретін табандылық қасиеттері әке арқылы қалыптасатындығын айтып өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі