Облыстың Бас имамы арнайы Темір ауданына барды 3685

Облыстың Бас имамы арнайы Темір ауданына барды

18 қыркүйек 2024 334 Оқу 1 минут

Темір ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Темір ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Нұралинмен кездесті.

Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесі, ішкі саясат, дін орталығы мамандары қатысып, аудандағы дін ахуал талқыланды.

Кездесу барысында облыстың бас имамына аудан басшысы өңірдегі діни ахуалды баяндады.

Облыстың Бас имамы аталған өңірдегі діни ахуалды жақсарту үшін ауызбіршілікте, ынтамақта жұмыс жасау керектігін тілге тиек етті. Темір ауданы басқа аудандарға қарағанда діни ахуалы күрделі екендігін басты назарға алу керектігіне жіті тоқталып, жат ағымның алдын алу мәселерінда жастардың иммунитетінін қалыптасыру туралы айтты.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі дін қызметкерлеріне қолдау білдіру мәселелеріне тоқталды.

Одан өзге аудан әкімінің орынбасары өз кезегінде облыстың бас имамына қызметіне сәттілік тілеп, бірлесіп жұмыс атқарып, барынша қолдау көрсететіндігін білдірді. Ал облыстың Бас имамы «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын аудан әкіміне сыйға тарту етті.

Айта кетсек, кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды бірлесе атқаруды жалғастыратынын мәлімдеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі