Облыстың Бас имамы көпбалалы және мұқтаж 100 отбасыға құрбан сыйын жасады 3427

Облыстың Бас имамы көпбалалы және мұқтаж 100 отбасыға құрбан сыйын жасады

16 маусым 2024 1009 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы көпбалалы, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларды, жалғыз басты аналарды Құрбан айтпен құттықтады. «Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың қазығы ретінде қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді. Берекеге бастаған құрбан айт ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке, мейірім мен кешірімге үндейді. Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын мейрам»,-деді Серікжан Еншібайұлы. Облыстың бас имамы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2024» қайырымдылық акциясы аясында ұлық мереке туралы насихат айтып, 100 отбасыға құрбан етін үлестірді. Игі бастама арқылы қуаныш сыйлаған имамдарға аналар алғысын білдірді. 


Ақтөбе облыстық орталық  

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі