Ақтөбе: 32 қайырымдылық іс-шара арқылы имамдар  қуаныш сыйлады 2462

Ақтөбе: 32 қайырымдылық іс-шара арқылы имамдар қуаныш сыйлады

07 ақпан 2023 116 Оқу 1 минут

Қаңтар айында Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ-ға қарасты өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен, облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары және жергілікті жаны жомарт демеушілердің көмегімен «Қайырымды жұма», «Қолдан қолға», «Жылулық сыйла», «Өмірге үміт сыйла», «Раббың үшін құрбан шал», «Мешіт пен медреселерге көмек» акциялары аясында 3 081 248 теңгеге 32 қайырымдылық іс-шара өтті. 

Көмек алушылардың қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім-жесірлер мен аз қамтылған отбасылар бар.

2 мешіт пен 120 отбасыға көмек берілді. Атап айтсақ, акция аясында 1 тоннаға жуық азық-түлік, жарты тоннаға жуық етпен және 1 млн 500 теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар 145 көше тазалаушыларға ыстық тамақ үлестірілді.

Ізгілік жаршысы болып, жанға жылу сыйлаған әр жанға Алла Тағала сауаптан жазсын!

Еске салсақ, Ақтөбе облысы өкілдігі қайырымдылық шараларын белсенді түрде өткізіп келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі