НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АУСТРАЛИЯ ДАРУЛ ПӘТУА КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезияның Сурабая қаласында өтіп жатқан Нахдатул Улама ұйымының 100 жылдық мерейтойы аясында Аустралия Дарул Пәтуа кеңесінің төрағасы шейх Салим Алванмен кездесті.
Кездесуде қазіргі мұсылман әлемін алаңдатқан пәтуа беру өзектілігі, әлем мұсылмандарының ауызбіршілігі, Аустралиядағы Ислам дінінің өркендеуі сөз болды.
Сонымен қатар тараптар болашақта әріптестік байланыс орнатуды көздейтінін жеткізді.