«ТҮРКИЯҒА КӨМЕК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры Түркияда болған апаттық жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек беру үшін көпшілікті қайырымдылық жасауға шақырып, арнайы есепшот ашты.
Бұл жөнінде қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев хабарлады. Қаржылай көмек жасалатын есепшот реквизиттері жоғарыдағы суретте көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысында Сириямен шекара маңында жойқын жер сілкінісі болған. Қираған жүздеген ғимараттың астынан құтқарушылар тірі қалған адамдарды әлі де іздестіріп жатыр. Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кем дегенде 10 қала зардап шеккенін хабарлады.