4 Сафар
Шалқар: Жас жұбайларға отбасы жауапкершілігі насихатталды 4509

Шалқар: Жас жұбайларға отбасы жауапкершілігі насихатталды

14 мамыр 2025 254 Оқу 1 минут

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде өткен неке қию салтанатында жас жұбайларға рухани тәрбие мен отбасы жауапкершілігі жайында тағылымды насихат айтты.

Салтанатты рәсімді мешіттің азаншысы Қайрат Қаймолдин жүргізіп, ол жұбайларға адалдық, сабырлық, өзара құрмет пен қолдаудың маңызын түсіндіріп, бұл қасиеттер берекелі отбасының негізі екенін атап өтті.

Жас отбасының қуанышымен ортақтасқан бұл шара шынайы лебіздер мен жылы тілектерге толы болды. Қатысушылар насихаттан ерекше әсер алып, имамның кеңестерін өмірлік жолдарына бағыт етіп алуға ниет білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі