«Шай үстіндегі сұхбат» шарасы ұйымдастырылды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер сауат ашу орталығында «Шай үстіндегі сұхбат» шарасы ұйымдастырылды.
Аталған шара аясында «Үміт пен үрей» тақырыбындағы уағыз-насихат өрбіді.
Шара барысында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Зейнеп Мұсақызы діндегі үрейдің орны мен түрлі мәселеде үміт етудің мән-мағынасын жіті түсіндіріп өтті. Елуге жуық қыз-келіншек жиылған рухани басқосудың соңында мешіт ұстазы Айзат Қобланқызы жамағатқа қызықты сұрақ-жауаптар мен ойындар өткізді.
Айта кетсек, «Шай үстіндегі сұхбат» жобасының басты мақсаты – әйел жамағатының ауызбіршілігін арттырып, еркін сұхбат негізінде түйткілді сауалдарына жауап беру. Сондай-ақ қыз-келіншектерді рухани сауаттандыру. Аталған шара әр сенбі күні өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі