17 Зул-Қағда
Мәртөк: Әйел жамағатына тігін курсы өтті 4508

Мәртөк: Әйел жамағатына тігін курсы өтті

12 мамыр 2025 188 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жариялаған «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Мәртөк ауданының әйел жамағатына тігін курсы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты — қыз-келіншектерді пайдалы іспен айналысуға баулу, қолөнер арқылы отбасылық құндылықтарды нығайту.

Курс барысында қатысушылар тігін өнерінің қыр-сырымен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Шара соңында жамағат дастархан басында басқосып, бірлік пен бауырмалдық жайлы әңгіме өрбіді.

Шамамен 10-ға жуық әйел қатысқан бұл игі бастама алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі